01
мамыр
2022
«Қазақстан халқының- Бірлестік күні»
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені-Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз-Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Жыл сайын атаулы мерекеде қазақ елінде тұрып жатқан көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.